news

Далалық маусым қызған шақта Smart Geophysics компаниясы техникалық мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда.

Далалық маусымның қызған шағында Smart Geophysics ірі ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін компанияның техникалық мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Өндірістік әлеуетті күшейту аясында келесі жабдықтар сатып алынды: — 2 DJI Matrice 400 RTK ұшқышсыз ұшу аппараты — Аэромагниттік түсірілімге арналған 2 магнитометр — GDD Instruments өндірісінің TX-4 жабдығы Жаңа аэромагниттік кешендер жалпы көлемі 6700 погондық километрден асатын жобада іске қосылып үлгерді. Техникалық парктің кеңеюі компанияға далалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға, геофизикалық деректердің жоғары сапасын қамтамасыз етуге және жобаларды белгіленген мерзімде орындауға мүмкіндік береді!